Касымова Алесия Бердимуратовна
Құрылтайшы
Балалық шақ – адам өміріндегі ең қайталанбас әрі маңызды кезең. Сондықтан біз әр бүлдіршіннің балабақшадағы әрбір күні қуанышқа, мейірімділікке және жаңа білімге толы болуын қалаймыз. Біздің кәсіби ұжым балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді басты міндет санайды.
Бұл сайт сіздер үшін сенімді көмекші және ақпарат көзі болады деп сенемін. Мұнда сіздерді қызықтырған сұрақтарға жауап тауып, өз ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар.